Текті құс қай өңірлерді мекендейді?

Текті құс қай өңірлерді мекендейді?

Ақ сұңқар құсы туралы білгім келеді. Бұл құстың сұңқардың өзге түрлерінен не айырмашылығы бар? Ақ сұңқар еліміздің қай өңірлерін мекендейді?
Жалғас Марат,
Оңтүстік Қазақстан облысы
«Жетісу» энциклопедиясының мәліметінше, ақ сұңқар – сұңқар тұқымдас жыртқыш құс. Оның сұңқар тұқымдас өзге құстардан айыр­ма­­шылығы – денесінің айрықша ірілігі. Ақ сұң­қар ұясын биік ағаштың басына немесе жар­тас­тың ернеуіне салады. Негізінен, өзен аң­­ғар­лары мен тау бөктерлерін мекендейді. Ұя­басарының қанаты – 38-42 см-ге жетеді, сал­мағы 2 келі болады, ал аталық ақ сұңқар кі­шілеу келеді, қанатының ұзындығы – 34-37 см, салмағы 1 келі ғана тартады. Құстың ар­қасы көкшіл сұр немесе шұбар, бауыры ақшыл не­месе шымқай ақ болып келеді. Арктика мен Солтүстік Америка аймағында тіршілік ететін ақ сұңқарға еліміздің аумағы тұрақты мекен емес. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстары аумағы мен Алматы маңында ғана 12 жыл ішінде екі рет қыстайды. Алматы хайуанаттар бағында бұл құстың үшеуі бар. «Ақ сұңқар неге қонбайсың жайған торға» деп халқымыз әнге қос­қан бұл текті құстың табиғаты толық зерт­тел­меген. Қызыл кітапқа енген жыртқыш­тың азаю себептері анықталмаған, қорғау ша­ра­лары да белгіленбеген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста