Қазір көбіміз тефлон ыдыстарды пайдаланамыз. Бұрынғы алюминийге қарағанда өте ыңғайлы. Сонда тефлон тек ыдыс-аяқ жасауда ғана қолданыла ма?
Майра ЖАППАРҚЫЗЫ, Атырау
Өнеркәсіпте пайдалануға жарамды пластмассаны 1909 жылы Бельгияның химигі Лео Хендрик Бакеланд ойлап тапқан. Ол формальдегид пен фенолдың қосындысынан қара май алған неміс ғалымы Адольф Байердің жұмысын жалғастырды. Өнеркәсіптік синтетикалық шайыр (смола) бакелит деген атауға ие болды.
Ал пластмасса – фторопластты «тефлон» деген атаумен белгілі «Дюпон» фирмасының мамандары 1938 жылы ойлап тапқан. Тефлонның қасиеті айрықша болды: өте берік, шыдамды, басқа химиялық заттардың әсеріне, температураның құбылуына төтеп беретін. 40-жылдардың басында әскери өнеркәсіпте тефлон өндірісі жолға қойылды. Сосын ол химиялық, авиациялық, электротехникалық, атомдық, тоңазытқыш, дәрі-дәрмек өнеркәсібінде қолданыла бастады. Ал 22 жыл өткен соң күймейтін тефлон қабатымен таба мен кәстрөлдер шығарыла бастады. Ол қуырған кезде майды аз пайдаланады немесе мүлдем қажет етпейтін-ді.