«Тәуелсіздік толғауы» қашан болады?

«Тәуелсіздік толғауы» атты конкурстың талаптары қандай? Бұл байқау биыл да ұйымдастырыла ма, негізгі бағыттары қандай?
Саят Нұрбатырұлы,
Ақмола облысы
Еліміздің Мәдениет және ақпарат ми­нистр­лігі республикалық «Тәуелсіздік тол­­ға­уы» кон­курсын биыл да өткізеді. Кон­курс келесі но­ми­нациялар бойынша өт­кі­зі­леді:
1) Ең үздік ірі және кіші көлемді музы­ка­лық шы­ғарма, оған көпактілі опера, көп­ак­тілі ба­лет,  көп­актілі музыкалық комедия,  сим­­фо­­­ния­лық, ха­лық аспаптары, үрмелі жә­не ка­­­ме­ра­лық ор­кес­тр­лер үшін оркестр­лік шы­ғар­­­­ма­лар, жеке ән­ші, хор және ор­кестр үшін ора­­тория, жеке ән­ші, хор және ор­кестр үшін кан­тата, фор­тепиано мен дауысқа арналған вокалдық цикл­дер, ро­манс­тар, сүйе­мел­деусіз хорға арналған шы­­­ғармалар, шекті аспаптар квартетіне, үр­­­мелі-ағаш аспаптары квинтетіне ар­налған шы­ғар­малар кіреді;
2) Ең үздік балалар әні;
3) Балалар мен жасөспірімдерге арнал­ған ең үздік драмалық шығарма;
4) Кескіндеме, графика және мүсін.
Конкурсқа белгіленген номинациялар шең­­берінде жеке авторлардың немесе ав­тор­­лық ұжымдардың шығармалары қа­был­­да­на­ды. Ұсынылатын шығармалар бұ­рын-соңды орындалмаған және жа­­­рия­­ланбаған жаңа шығарма болуы ке­рек.
Авторлар бір немесе бірнеше номи­на­ция­ға қатыса алады. Әр номинация бо­йын­ша автор тек бір шығарма ғана ұсына алады. Кон­курс­тың қо­рытындысы ағым­дағы жыл­дың IV тоқ­са­­нын­да шығарылады. Ең үздік деп танылған шы­­ғар­ма­ларға ақшалай сый­лықтар та­ға­йындалады.
Өтінім құжаттар ағымдағы жылдың 15 қа­занына дейінгі мерзімде жіберілуі тиіс. Кон­­курс­қа қатысу үшін қажетті құжат­тар­дың қа­та­рында Қазақстан Республикасы Әділет ми­­нистрлігінің Зияткерлік меншік құқығы ко­­ми­тетімен берілген зияткерлік меншік объек­тісін мемлекеттік тіркеу ту­ра­лы куә­лік­тің болуы шарт. Байқау ережелері ту­ралы то­лық ақ­па­рат­ты www.mki.gov.kz ала ала­сыз.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста