Қазір «тәуелсіз директор» деген қызметтің барлығын естіп жүрміз. Оның міндетіне не кіреді?
Арман Омаров, Қарағанды
«Акционерлік қоғамдар туралы» Заңға сәйкес, директорлар кеңесінің үштен бірі тәуелсіз директор болуы тиіс. Яғни кеңесте алты адам болса екеуі, үш адам болса біреуі сырттан шақырылады. Тәуелсіз директор өзге қаржы ұйымында басқарушы қызмет атқаратын, халықаралық қаржы есебі стандартынан хабары бар тәжірибелі қаржыгер болуы шарт. Оның міндеті – кішігірім акционерлердің құқығын қорғау. Кәсіпорын стратегиясының мажоритарлы акционерлері мүддесін ғана көздеуіне жол бермеу. Тәуелсіз директорлар айына бір рет өткізілетін директорлар кеңесі отырысына ғана қатысады. Дегенмен ішкі аудит комитетінен кез келген құжатты сұратып, таныса алады. Яғни тәуелсіз директор – кәсіпорын акцияларының қомақты пакетіне ие мажоритарлы акционерлерге тәуелсіз болып, миноритарлы акционерлер құқығын қорғауы керек. Жалақыны осы кәсіпорыннан алады.
Тәуелсіз директор кімнен тәуелсіз?
Последние статьи автора