«Танго күні» деген де бар ма?

Кешегі күнді бір ақпарат көздері «Танго күні» деп хабарлап жатты. Шынымен де, бұл ресми белгіленген күн бе әлде мен қағыс естідім бе?
Нұрзада МЕРГЕНБАЙ,
Алматы
Халықаралық Танго күні жыл сайын 11 желтоқсанда, «Танго королі» атанған белгілі аргентиналық әнші әрі биші Карлос Гардельдің туған күнінде аталып өтеді. Танго биі Буэнос-Айрес қаласының маңындағы шағын порттарда 19-20 ғасырлардың тоғы­сында пайда болған деген пікір. Осы жер­лерде көптеген халықтардың мәдениеттері бір-бірімен ұштасып, кубалық хабанераның, африкалық кандомбаның, аргентиналық милонгидің, испандық фламенконың және шетелдік матростардың әр жақтан әкелген билерінің ырғақтары қосылып, жаңа бір би туған деседі.
Танго алғашында көп бидің бір түрі ғана болғанымен, біршама уақыттан кейін дараланып шығып, қоғамда жоғары мәрте­беге ие болды. «Танго» сөзінің алғашқы мағынасы «негрлерді биге, барабанда ойнауға шақыру» дегенді білдіріпті. Бүгінгі күні бүкіл әлем сүйсіне билейтін осынау танымал бидің он шақты түрі кездеседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста