Диетолог мамандардың бірі таңертең жұмыртқа жеуге кеңес берсе, енді бірі «аптасына екі-үш түйір ғана жұмыртқа жеу керек» дегенді айтады. Осының қайсысы дұрыс?
Айзада ТҰРСЫНБЕК, Қапшағай қаласы
Гастроэнтерологтардың анықтауынша, белоктық құрамының жоғары екендігіне байланысты, таңертең жұмыртқа жеген адам күні бойы тоқ жүреді. Сонымен бірге жұмыртқаның ағзадағы артық майлар мен көміртегінің артып кетпеуіне септігі зор. Сөйтіп, ол шынымен де артық салмақтан арылуға көмектеседі.
Айтқандай, мамандар «аптасына екі-үш түйір ғана жұмыртқа жеу керек» деген ескі ұстанымнан бірте-бірте бас тарта бастады. Мысалы, тамақтану мәселелері жөніндегі британиялық жақында «жұмыртқаны күн сайын жеуге болады» деп мәлімдеді.
Таңертең жұмыртқа жеуге бола ма?
Последние статьи автора