Таңдаулылар құрамы жасақталды
Дәстүр бойынша жыл сайын Чемпиондар лигасы аяқталған соң, турнирдің символикалық құрамы анықталушы еді. Биыл Чемпиондар лигасының таңдаулы құрамына қай футболшылар енді?
Алмас КӨЛБАЙ, Шымкент қаласы
Айта кетейік, турнир барысында әр ойыннан кейін УЕФА ресми сайтының тұтынушылары үздік ойыншыларды анықтайтын. Соның нәтижесі бойынша УЕФА кезекті Чемпиондар лигасының таңдаулы құрамын жасақтап шығарды.
Сонымен, таңдаулы құрамға финалға шыққан қос команданың үш ойыншысынан еніпті. Сондай-ақ Испанияның «Реалынан» екі футболшы символикалық құрамға енсе, немістің «Шалькесі», Украинаның «Шахтері» және Англияның «Тотенхэмі» бұл құрамға бір футболшыдан қосқан. Ал жыл бойы жинаған дауыс саны жөнінен «Барселона» ойыншысы Лионель Месси теңдессіз атаныпты.
Чемпиондар лигасының символикалық құрамы:
Қақпашы: Эдвин ван дер Сар, Голландия («МЮ», Англия).
Қорғаушылар: Дарио Срна, Хорватия («Шахтер», Украина), Жерар Пике («Барселона», Испания), Неманья Видич, Сербия («МЮ»), Марсело, Бразилия («Реал», Испания).
Жартылай қорғаушылар: Месут Езил, Германия («Реал»), Райан Гиггз Уэльс («МЮ»), Андрес Иньеста («Барселона»), Гарет Бэйл, Уэльс («Тоттенхэм», Англия).
Шабуылшылар: Лионель Месси, Аргентина («Барселона»), Рауль, Испания («Шальке-04», Германия).