Қызымның мұрны жиі қанайды. Тез тоқтатудың қандай тиімді тәсілдері бар?
Жайна, Тараз қаласы
Алдымен мұндайда мұрны қанап жатқан адамды аздап еңкейтіп отырғызу керек. Сонда қан жұтқыншаққа емес, сыртқа шығады. Содан соң қанды тоқтату үшін мұрынның екі бөлігін қатты қысыңыз да, оған мұздай орамал басыңыз. Егер қан сонда да тоқтамаса, танауының тесігіне сутек тотығының ерітіндісіне (раствор перекиси водорода) малып, мақталы тампон тығуға болады.
Сондай-ақ лимонның бірнеше тамшы сөлін мұрынға сықсаңыз, қан тез тоқтайды.
Егер мұрын жиі қанайтын болса, тамақтанар алдында алоэның бір тілімін (шамамен 2 см) жеп отыру шарт. Екі жетіде өз нәтижесін береді.
Танаудың қанауын қалай тоқтатамын?
Последние статьи автора