Тайланд елінің халқы өз мемлекеттерінің атын басқаша айтатын көрінеді. Нақты аты қандай?
Кәмшат НЫҒМЕТОВА, Алматы
Азия құрлығының оңтүстік-шығысында орналасқан бұл мемлекеттің атауы 1939 жылға дейін Сиам деп аталған. Ал Тайланд – елдің XX ғасырдың 30-жылдары енгізілген ағылшынша аты. Thailand дегендегі «тхай» сөзі «азат, еркін» деген мағынаны береді. Бұл сөз елдің тарихын айқындап тұрғандай. Себебі көршілес елдер Франция, Ұлыбритания сияқты державалардың отары болған кезеңде жалғыз Тайланд қана аймақтағы тәуелсіз ел еді. Ал тай халқы өз мемлекеттерін «Мыанг Тхай» немесе «Пратхет Тхай» деп атайды.