Таэквондоның ережесі біраз өзгеріпті деп естідім. Бізге әлі жеткен жоқ, соған тоқтала кетпес пе екенсіздер?
Ләззат Қибасова, Атырау облысы
Бұл сұрақтың жауабын білу үшін Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Қырғызбаевпен жолығып, төмендегідей жауап алдық:
– Бейжің Олимпиадасынан кейін жалғыз таэквондода ғана емес, бірнеше спорт түрлерінің өткізілу ережелеріне өзгертулер енгізілді. Бұл үрдістен біздің WTF халықаралық таэквондо федерациясы да қалыс қалмады. 2008 жылғы 15 желтоқсанда Түркияның Анкара қаласында өткен алқа мәжілісінде жаңа ереженің алғашқы бағдарламалары қабылданды. Бірақ әлі қолданысқа енген жоқ. Жаңа ережелер алғаш рет шілде айындағы әлем чемпионатында қолданылмақ. Бізге жіберілген құлақтандыруда мынандай жайттар көрсетілген. Жекпе-жек өтетін даян 10х10 метрден 8х8 метрге дейін кішірейтілді. Яғни екі спортшының көп шегіншектемеуі, қашып, жүріп алмауы үшін қолданылып отырған шара. Одан кейін бұрын жалпы саны жеті ұпай берілсе, қазір 12-ге дейін ұлғайды. Қорғаныс құралына аяқпен немесе қолмен соққы жасаса, бір ұпай берілетін болды. Бұрын берілмеген. Әдіс қолданып тебетін болса, бұрынғы бір балдың орнына, енді екі балл беріледі. Басқа аяқпен соққы жасалса, үш балл беріледі (бұрын екі балл берілетін). Сондай-ақ тәртіп (ереже) бұзған спортшының айып ретінде екі ұпайы алынып тасталады да, қарсыласына бір ұпай беріледі. Бұрын мұндай болмаған. Сондай-ақ барлық жекпе-жектер бейнетаспаға түсіріледі. Төрешілер қателік жіберсе немесе әділетті болмаса, бейнетаспаны көру арқылы нақты шешім шығарылады.
Таэквондоның ережесі өзгерді
Последние статьи автора