Табыл туған жер қайда?

«Біздің қырда қыдырса егер бір жаздай, Талай ақын кетер ме еді жыр жазбай» деп жырлаған ақын Табылды Досымовтың туып-өскен жері туралы білгім келеді.
Нұрбек,
Тараз қаласы
Табылды Досымов – Индер ауда­нының тумасы. Аудан 1933 жылы құрылған. Аудан орталығы Атырау қаласынан қашықтығы 190 шаршы шақырым жердегі Индербор кентінде орналасқан. Халқы сирек орналас­қан ауданда  бір кент, төрт селолық округ, екі ауылдық округ бар.
Географиялық орналасуы жағы­нан Ин­дер ауданы Атырау облысының теріскейін­де, Каспий маңы ойпаты­ның орта тұсында, Жайық өзенінің екі жағалауын бойлай орналасқан. Шығы­сы мен түстігінде облыс­тың Қызылқоға, Махамбет аудандары­мен, батысы мен терістігінде Батыс Қазақстан облысының Жаңа қала, Ақжайық аудан­дарымен шектеседі. Ауданның жер көлемі – 11.1 мың шар­шы шақырым. Жер бедері негізі­нен жусанды жазық далалық болып келеді. Сондай-ақ тұйықталған қуыстар, құлама сайлар, сорлар кездеседі. Сайлар­дың терең еместері де, бірнеше шақырым­дық алқапты алып жатқандары да бар. Бұл өлкеде жаз айларында кеуіп, соры шығып жататын бірнеше тұзды көлдер бар.
Мұнда Индер күмбезі деп аталатын дөңесті жер бар. Оның батыс жағы етегін­де Жайық өзенінің аңғары, ал оңтүстігінде Индер тұз­ды көлі бар. Онша биік емес дөңес­тер түстік батысында Оңдасын жалы­мен, терістігінде Тотжалмен, шығы­сында Көктаумен ұштасады. Бұл аумақта қазанға ұқсас жүздеген шұңқыр бар. Терең құдық­тар, үлкен­ді-кішілі үңгір­лер, жыралар кез­деседі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста