Шырғанақ майын үй жағдайында да дайындауға болады деп естідім. Оны қалай жасауға болады?
Өсімдік мамандарының айтуынша, шырғанақ майын алудың бірнеше жолы бар. Және үй жағдайында жасалған май жоғары сапалы болатын көрінеді. Сөлі сығылып алынған жидек кептіріліп, кофеұнтақтағышта ұсатылады. Үстіне зәйтүн майын құйып, ұнтақты екі-үш апта қойып қою керек. Сүзіліп алынған дайын май жабық ыдыста сақталуы тиіс. Болмаса шырғанақ майын дайындаудың тағы бір оңай жолы: жидектің сөлін сығып алып, оны суық жерге қоясыз. Біраз уақыт өткен соң сөлдің бетіне қалқып шыққан майды сүзіп алу керек. Жалпы, шырғанақ майы – көптеген ауруларға шипа. Ол асқазан жарасы, өңеш ісігі, күйік, сыздауық, шиқан сияқты түрлі тері ауруларын емдеуде пайдаланылады.