Сыра ішкенді жақсы көремін. Осы алкогольді сусынның адамның толысуына әсері бар деп еститінмін. Сол рас па? Мен, керісінше, арықтағанды қалаймын.
Дастан ЖАРЫЛҚАСЫН, Алматы облысы
Еуропа рак пен тамақтануды проспективті зерттеу (EPIC) бағдарламасы аясында ғылыми жұмыс жүргізіп жатқан германиялық және швециялық ғалымдардың еңбегіне сүйенсек, сыраның адамның артық салмақ жинауына әсері жоқ. 8,5 жыл бойы жүргізілген зерттеуге 20 625 адам қатысыпты. Оның нәтижесі бойынша, сырадан ер адамның бұлшық еттерінің іріленетіні расталған. Ал оның денеге майдың жиналуы мен қарынның үлкеюіне әсері болмайтыны дәлелденген.
Сыра семірте ме?
Последние статьи автора