Сынақ мерзімі бітпей, жұмыстан шығару заңды ма?
Мені бір жеке кәсіпорынға үш ай сынақ мерзімімен жұмысқа алған болатын. Алайда арада бір ай өтпестен, «сынақтан өте алмадың» деп жұмыстан босатып жіберді. Еңбек келісімшарты үш айға жасалған болатын. Жұмыс берушінің еңбек шартының мерзімі бітпей жатып, мені жұмыстан шығарып жіберуі заңды ма?
Сабыр Дәрменов, Атырау облысы
Сарапшы мамандардың мәліметінше, сынақ мерзімі кезінде жұмыс нәтижесі дұрыс болмаған кезде қызметкермен еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзудың негіздемесі ҚР Еңбек кодексінің (бұдан әрі – кодекс) 54-бабының 1-тармағының 5-тармақшасында көзделген.
Бұл ретте кодекстің 37-бабының 1-тармағына сәйкес, сынақ мерзімі кезеңінде қызметкердің жұмысы теріс нәтиже берсе, жұмыс беруші сынақ мерзімі аяқталуына күнтізбелік жеті күн қалғаннан бастап қызметкерге жазбаша түрде ескертуге тиіс екенін атап өткен жөн.