Суықтан қай мата жақсы қорғайды?
Қараша қаһарына міне бастады. Енді біраз күннен соң нағыз қыс айлары басталады. Қыстық киімнің қандай матадан болғаны абзал? Немесе қай мата суықтан жақсы қорғайды?
Ерлан НҰРПЕЙІСҰЛЫ, Семей қаласы
Суықта кигенге тоннан кейінгі қолайлы киім – табиғи жүннен тігілген драп пальто. Оны сатып алар алдында мата құрамына назар аударыңыз: ондағы химиялық талшықтар 8-10 пайыздан аспауы тиіс. Әйтпесе матаның жылуды сақтау қасиеті соншалықты жоғары болмайды.
Ең жылы жүн – кашемир. Ол тауешкінің түбітін пайдалану арқылы жасалады. Денеге жұмсақ тиетін бұл мата жылуды керемет ұстап тұра алады. Бірақ бағасы өте қымбат. Егер де жұқалығы 16-17 мм-лік қой жүнінің бір келісі 10-15 доллар тұратын болса, ешкі түбітінің сол мөлшердегі талшығы 40 доллардың шамасын құрайды.
Жылу сақтау жөнінен алғанда, табиғи жүннен кейінгі орынды полиэфирлік нұсқа талшығы, ал үшінші орынды вискоза иеленеді.