Суретке әдемі түсудің құпиясы неде?

Мен өз суретіме ешқашан сүйсініп қараған емеспін. Керісінше, өзімді фотодан көргім келмейді. Суреттегі сұлулықтың сыры неде? Оны меңгеру мүмкін бе?
Мөлдір,
Астана қаласы
Біз, қазақ көбіне «бетің қисық болса, айнаға өкпелеме» деген сөзді алға тартуға дайынбыз. Алай­да суретке әдемі түсуді де қалаған адам үйренуіне болады екен. Ол үшін ең бірінші фотоға түсерде қаққан қазықтай қақиып қалмай, керісінше неғұр­лым күлімсіреп, әдемі көңіл күйде болған жөн. Ал екіншіден, қыз балалар суретке түсер­де өзінің бет-жүзіне, макияжы­на бір қарап алғаны жөн. Осы тұста тағы бір құпия – жылтыр (пер­ламутр) түсті тень көзді жайнатып көрсетеді екен.
 «Аттың сыры иесіне мәлім» дегендей, әркімге өз кемшілігі бел­гілі. Айталық, егер тістеріңіз онша әдемі болмаса, суретке барынша ыржия қараудың жөні жоқ.
Тағы бір маңызды нәрсе, ол – суретке түсер орта, яғни фон. Кейде тойда, арақ-шарап толған үстелде, немесе өзі ыржия күліп тұрса да, арғы жағында жағымсыз бір нәр­селер тұрған фотоны көреміз. Ол бізге жағымсыз әсер қалдырады. Сондай-ақ өте бір ашуланып тұрған, көңіл күйіңіз төмен жағдайда да соны жасырғансып суретке түспей-ақ қойған жөн. Себебі көз – көңілдің айнасы, ол барлығын айтып қоя­ды.
Мэрилин Монро өзінің адамдар­дың есінде қалай қалатынына өте қатты мән берген. Сол себепті өз фото­суреттерін іріктеп, сәтсіз түскен­дерін жойып отыруды әдетке айналдырса керек. Нәтижесінде, біздің есімізде әйгілі актриса тек қана өте сұлу, нәзік, үнемі күлімсіре­ген қалыпта сақталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста