Сүйіктіңізге сағат сыйлауға бола ма?

Сүйіктіңізге сағат сыйлауға бола ма?

Көп жағдайда жақын адамдарыңызға не сыйлайтыныңызды білмей дал болған кездері ойыңызға сағат оралатыны анық. Десе де кей адамдар сағатты сыйға тартуға болмайды деген ұстанымға сенетінін жасырмайды. Осы орайда KAZ.NUR.KZтілшісі аталған сұраққа жауап іздеп көрді. 

Туған күнге сағат сыйлауға бола ма?

Сағат негізінен жағымсыз энергиясы бар затқа жатпайды. Ол күнделікті тұрмыста қажетті зат қана емес, сондай-ақ кез келген адамға жарасатын әдемі аксессуар ретінде де қолданылады. Десе де көптеген елде сағатты төмендегі жағдайларға байланысты сыйлауға болмайды деген түсінік қалыптасқан: Сағаттың үшкір тілдері жүзі өткір құралға жатады. Мұндайда адамға пышақ, қайшы немесе шанышқы сыйлауға болмайды деген сенім бар. Бұл заттар үйге ұрыс шақыруы мүмкін, дейді ырымға сенетіндер. Сағат - уақыт көрсеткіші, демек сағатты сыйлау арқылы сіз ол адамдың энергиясын сағатқа тәуелді етесіз, яғни адам уақытты емес, уақыт адамды басқаратын болады. Әлем елдерінде сағатты туған күнге сыйлау туралы да түрлі наным-сенім бар. Мысалы Шығыс елдерінде сағатқа байланысты төмендегідей ырым-жоралғылар бар: Қос жұпқа сағат сыйлағанда, сағат олардың ажырасуына дейінгі уақытты есептейді деп сенеді. Яғни сағат тоқтап қалса, ерлі-зайыпты ажырасады, дейді олар. Сыйға тартылған сағат – ол сол адамның өмір сүру уақытының өлшемі деген түсінік бар. Яғни, сағат жұмысын тоқтатқан сәтте, сағат иесінің де өмірі үзіледі деген сенім бар. Қытай тілінде қабырға немесе қол сағатын білдіретін иероглиф – қоңырау деген мағынаны білдіреді. Қытай мәдениетінде ол – барлығының соңы деген мағынаны білдіреді. Сондай-ақ оларда "өлім" иероглифі де сырттай сағатқа ұқсайды екен. Сол себепті сағатты сыйға тарту жамандықтың белгісі болып саналады. Қытайдың заманауи сағат өндірушілері сағаттағы стандартты сандармен бірге күнтізбені де бейнелейді. Сонда ол өзінің "негативті" мағынасынан айырылады деп сенеді. Қытай мәдениетінде сағатқа қатысты сан түрлі болжамдар болса, олардың арасынан жағымды тұстарын да алуға болады. Мысалы Инесса Плескачевская өзінің "Аспан асты елі" кітабында сағат сыйлауға қатысты айла-тәсілдер де бар дейді. Осыған байланысты қытайлар сағат сыйлауға байланысты болжамдарға көпке дейін сенбей келген. Ал славяндарда сағат сыйлау жөнінде басқа да наным-сенімдері болған. Олардың ойынша: Сағат сыйлау арқылы адамдар бір-біріне өз ауыртпашылығы мен қиындығын бірге береді. Адамдар сағатты сыйға тарту арқылы, өзінің қалған ғұмырын өзгеге берген деп ойлаған. Сол себепті жақындарыңыз сыйлаған сағат сынған сәтте олардың арасындағы қарым-қатынас бұзылып, кейде тіпті өмірі араласпай кетеді деп есептеген.

Сағатты қашан сыйлауға болады және қандай жағдайда сыйламаған жөн

"Сүйікті мерекелер энциклопедиясы" кітабының авторы Наталья Цветкова сағатты сыйлауға болмайтын тарту-таралғылар қатарына қосқан. Мысалы ол сағатты сары раушан (айырылысу белгісі), қара мысық (бақытсыздықтың белгісі) немесе тұз (ұрыс-жанжалдың белгісі) сынды заттардың қатарына қосқан. Демек сағатты мүлде сатып алуға болмай ма? Көптеген адам мұндай тұжырыммен келіспеуі мүмкін. Жалпы сағатты төмендегідей жағдайларда сыйламай-ақ қоюға болатынын естен шығармаңыз: Адамға мұндай сыйлық қажет емес (оның сағаты бар немесе ол сағатты әдейі тақпайды) Ол наным-сенімдерге қатты сенетін адам Оның талғамынан бейхабарсыз, алайда тосынсый жасауға болады. Сол сияқты сағатты келесідегідей жағдайларда сыйға тартуға болады екен: Болашақ сыйлық иесі сізге сыйға сағат алғысы келіп жүргенін айтып, алдын-ала ескерткен жағдайда; Ол сағат жинаумен айналысады және сіздің сыйлығыңыз оның коллекциясын толықтыратын жағдайда;

Ата-әжелеріңізден қалған құнды сағатты сыйлауға болады. Қандай жағдай болмасын ыңғайсыз жағдайда қалмау үшін алдымен сыйлық беретін адамның сағат жайлы ойын біліп алғаныңыз абзал. Сүйіктіңізге сағат сыйлауға бола ма? Жұбайыңызға немесе жолдасыңыздың туған күніне, жұмысын ауыстырған сәтте ішінде жазуы бар қолсағатты сыйға тартуға болады. Сағат – иесінің энергиясын өзіне сіңіре алатын жеке аксессуар болып табылады. Сол себепті оны сүйіктіңізге сыйлауға болады. Мысалы "Өзге шындық немесе Кілт құпиясы" кітабында сүйіктілеріңізге сағат сыйлауға болатынын, осы арқылы сіз оның өмірін ұзартатынын айтқан. Мұндай сыйлықтың көп жағдайда 29, 43 және 58 жаста сыйға тарту керек, өйткені бұл жас – Сатурн планетасының айналымындағы мерзім, яғни ол адам ғұмырын ұзартуға септеседі деген сөз.

Кездесіп жүрген адамыңызға сағатты сыйға тартуға бола ма

Ғылым мен діннің текетіресі кезінде сағатты шайтан ойлап тапқан зат деп есептеген. Ал сағат жасаушыларды өзгенің өмірі мен уақытын ұрлайтын сиқыршылар деп санаған. Сол сияқты сағатты дуалау кезінде қолданады деп сенген. Егер осы тұрғысынан алатын болсақ, жас қыз жаңа танысқан жігітке сағат сыйласа – онда ол оны өзіне қарату үшін жасады деп пайымдауға болады. Сол себепті жаңа танысқан бойжеткеннен сағатты сый ретінде қабылдамаған жөн. Ал егер мұндай сыйлықты бұрыннан кездесіп жүрген сүйіктіңіз сыйға тартса, онда сіз де сол сияқты сағатты сатып алып, екеуіңіз жұп болсаңыздар болады. Аруларға сыйлыққа сағат тарту етпестен бұрын, оның киім кию тәсіліне, сыртқы стилі мен сағатқа қатысты ойын біліп алыңыз. Егер бойжеткен сағатқа қатысты наным-сенімдерге сенбейтін болса, онда мұндай сыйлықты қорықпай сыйлай беріңіз.

Жас жұптарға берілетін сағат

Үйлену тойына сағат сыйламайды деген түсінік бар. Ол: Сағат тілі тоқтаған сәтте, жұптар ажырасып кетеді деген сенім бар. Ал егер сағат тілі тоқтамаған күннің өзінде, аталған жұп айырылысып тынады деген түсінік қалыптасқан. Десе де мұндай сыйлықты тойға сыйлауға болатынын естен шығармаңыз. Адамға зиян тигізбеу үшін, сағатты қалай сыйласа болады? Сізге сағат сыйланатынын алдын ала білсеңіз, оны сатып алуға ақшаңызды дайындап қойыңыз. Кей жағдайда ол жай тиын ғана болуы мүмкін. Сыйлықта алған сәтте, оны сыйлаған адамға "Рахмет және қабылдаймын" деп айтыңыз. Осылайша сағатты сыйға емес, сатып алыңыз. Мұндай жағдайда сағатпен бірге келетін кез келген негативті энергия сізді айналып өтетін болады. Қандай жағдай болмасын сағатты сыйға алатын адамның оған байланысты наным-сенімдерге сенбейтініне көз жеткізіңіз. Ал ең дұрысы өміріңізде болған әр оқиғаны жақсылыққа балаңыз.

KAZ.NUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста