Субмәдениет дегенді қалай түсінуге болады? Мәдениеттің ол қандай саласы?
Жандос Ысқақ, Ақтау
Латыншадан аударғанда sub — астыңғы, ал cultura — культура, дегенді білдіреді, яғни, ол – мәдениеттің жанама, соны жамылып жүзеге асып жатқан түрлі құбылыстар. Субмәдениет қоғамдағы негізгі мәдениеттен өз құндылықтарымен, өзіндік тілі, мәнерімен, тіпті өзіне тән киіну стилімен де ерекшеленеді. Айталық, жастар субмәдениеті әлем-жәлем киінген готтар да бар, фэндом, хиппи, растофары, металист және панктер т.б ағымдар осы мәдениетті құраушы өкілдерге жатады. Жастардың субмәдениетіне сондай-ақ протест, эскапизм тән боп келеді. Эскапизм дегеніміз – шындықтан қашу, яки, басына түскен қиындықтан қашқандар көбіне осы мәдениет өкілдеріне еріксіз еріп кететінге ұқсайды.
Субмәдениеттің мынадай түрлерін жіктеп көрсетуге болады:
1. Музыкалық-субмәдениет – белгілі бір музыка ағымына қызығушылықтарына қарай біріккен топ;
2. Арт-субмәдениет – әннен басқа өнер түріне, анимация, жалпы хобби турасында қауымдасқан топ;
3. Интернет-субмәдениеті – Интернет қауымдастық, жалпы виртуалды кеңістікте ортақ тіл табысқандар;
4. Индустриалды және спорттық субмәдениет – қалалану процесінде байланысты және футбол секілді спорт түріндегі ұстанған көзқарастарына қарай біріккен топ.
Субмәдениет деген не?
Последние статьи автора