Су қалай тазаланады?

Өзендердің суы тап-таза сияқты болып көрінгенімен, мұқият қарағанда ең таза судың өзінде қоқымдар барын байқауға болады. Ал құбырлар арқылы үйге келіп тұрған су қалай тазаланады?
Марат БЕЙСЕНБАЙ,
Қапшағай
Су қоймаларынан шыққан су жеткізуші стансыға келеді. Онда арнаулы бассейндер – резервуарлар бар. Су резервуарына коагулянт деп аталатын арнаулы химиялық реагенттер қосылады. Осы бөлшектерге бола суды тазартудың бүкіл процесі коагуляция атауын алды. Тексерілген ең сенімді коагулянт – күкіртті алюминий. Судың ішінде ол өзіне бүкіл майда бөліктерді тартып алады. Бөліктер бір-біріне жабысып, ауырлай түседі. Осы процестің барлығы үлпектердің жинақталу камерасында жүреді. Одан кейін су тұндырғышқа келіп түседі. Бұл жерде ауыр үлпектер төменге шөгеді де су мөлдірленеді. Бірақ мұнымен де іс бітпейді. Әрі қарай су арнайы фильтрлерден өтеді. Фильтр ретінде кварцты құм пайдаланылады. Құмның екі метрлік қабаты арқылы өткеннен кейін су тіпті мөп-мөлдір түрге енеді. Суды тазартудың келесі кезеңі – хлорлау. Мұның мәнісі, әртүрлі шіріген және патогенді бактерияларды жоя отырып, хлор суды залалсыздандырады. Тек хлорлағаннан кейін ғана су үйге келіп түседі. Қоймадағы әдеттегі суды ауызсуға айналдыру оңай емес. Өзеннен де жайдан-жай іше алмайсың. Ал бұлақтан ішуге болады. Өйткені бұлақтың суы тап-таза, оған коагулянт та, хлор да қажет емес, ол – нағыз жанды су.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста