Су ішкен құдығыңа түкірме, Юран!

Су ішкен құдығыңа түкірме, Юран!

Осыдан екі жыл бұрын елорданың қазіргі «Астана», бұрынғы «Локомотив» футбол клубын жаттықтырған ресейлік маман Сергей Юран Әзірбайжанның бір клубын жаттықтыруға келісім берді деп естідім. Бұл ақпарат рас па? Юранмен келісімшартқа отырған ол қандай клуб?
Жанбота ОРАЛБЕК,
Алматы қаласы
2009 жылы «Астананы» жат­тық­ты­рып, мау­сым соңында командадан дау­мен кет­кен Юран содан бері жұ­мыс­сыз жүріп, ақы­ры Әзірбайжан клу­бын жаттықтыруға келі­сімін берді. Енді ол алдағы футбол мау­сымында Әзір­бай­жанның «Симург» клубын жат­тық­ты­ратын болады. Рас, әзірге қанша мер­зімге келісімшарт жа­сал­­ғаны бел­гісіз. Бірақ, бір анығы, «Си­мург» өткен фут­бол маусымында чем­пио­натта тым сәтсіз өнер көрсетіп, 12 ко­манданың ішінде 11-орыннан көрінген болатын. Яғни регламент бойынша, тө­мен­гі ди­визионға түсуі керек-ті. Алайда олар­дың орнын басатын басқа коман­да­ның жоқтығына байланысты Әзірбайжан фут­бол федерациясы «Симургтың» жо­­ғар­ғы топта қалуына рұқсат бер­ген.
Бір қызығы, Қазақстанда бір жыл жұ­мыс істеп, нанымызды жеп кеткен Юран Әзірбайжанға барып, Әзірбайжан футболының деңгейі қазақ футболынан әлдеқайда жоғары екенін айтып, жергілікті жұртқа жағуға барынша тырысып жатқан секілді. Мәселен, бірде: «Еуро – 2012» ірік­теу тур­нирінің аясындағы Қазақстан – Әзір­бай­жан кездесуі сіздердің пай­да­ла­ры­ңыз­ға шешілер деп ойлап едім», — деді. Екінші бір сөзінде: «Қазақстанда бір жур­­на­лист мен туралы баспасөз бетіне өтірік жаз­ды. Сондықтан қазақ жур­на­лис­теріне сұх­бат бермейтінмін. Ал сіздермен әр­­қашан емін-еркін тілдесуге әзірмін», – деп тағы да бөсті. «Су ішкен құдығыңа тү­кірме» деген сөзді ұмытпа, Юран!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста