Стюардессаның соры неде?
Кішкентай күнімнен стюардесса болғым келетін арманым бар. Бұл мамандықтың жақсы-жаман тұстары туралы білсем деп едім.
Айжан Тәуекелқызы, Алматы қаласы
+ (плюстері ) Жоғарғы әлеуетті қауыммен араласып кетуге бірден-бір мүмкіндік. Көбіне сымбатты да тартымды стюардессалар сәтті тұрмыс құрып жатады.
Жер шары нүктелерін аралап шығуға болады, тіпті халықаралық желіде ұшпағанның өзінде еліміздің бар өңірін біліп аласыз.
Үнемі сұлу болып жүру – талабы.
- (минустары)
Денсаулыққа зиянды әсері: әр елдегі маусымға сай ауа райы, уақыт өлшемінің әр қилылығы ұйқы мен жүйкені бұзады.
Бұл – беттің әрі тайғанша ғана бағың жанатын мамандық. Ары кетсе 30 жасқа дейін.
Өз уақытыңа өзің иелік етіп, жоспар құра алмайсың, себебі ертең жер шарының қай нүктесінде болатының бір Аллаға аян.
Сөз соңында, романтикалық қызметтің жалақысы мәз емес.