Халқымыздың зұлматты жылдарда орасан зор қырғынға ұшырауына бірден-бір себепкер – И.Сталиннің солақай саясаты. Жалпы, Сталин өзі кім болған, Бас хатшылыққа дейін қандай қызметтер атқарған?
Еркін НҰРАҚЫН, Жаркент
И.В.Сталин 1922 жылы Кеңестер Одағы ОК-нің Бас хатшысы болып сайланды. Сталиннің басшылығымен ауыл шаруашылығын коллективтендіру қолға алынып, байлар мен кулактарды тап ретінде жою саясаты жүзеге асырылды. Бұл халық арасында жасанды ашаршылық және босқыншылықты туғызып, ауыл шаруашылығын коллективтендіруге қарсы шаруалар қозғалысының өрістеуіне алып келді. Сталин елде қуғын-сүргін саясатын жүргізіп, тоталитарлық жүйені қалыптастырды. Ұлттық интеллигенция өкілдерін «халық жаулары» ретінде қуғындауды күшейтті. «Халық жаулары» жазасын өтейтін лагерьлердің санын арттырды. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында КСРО Қорғаныс халкомы, КСРО Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы болып тағайындалды. Соғыстан кейінгі кезеңде жеке басқа табыну қарқынын онан ары өрістетті. Сыртқы саясат саласында Батыс елдерімен ымыраға келуден бас тартып, қырғи-қабақ соғыстың басталуына ықпал етті. Оның жаппай қырып-жою қаруын жасау мақсатының нәтижесінде Семей полигоны дүниеге келді.
Сталин өзі кім болған?
Последние статьи автора