Елімізде өткен VІІ қысқы Азия ойындары кезінде шаңғымен спорттық бағдарлау ойынын тамашалап, өте керемет әсер алған едім. Сол ойынды одан кейін көрмедім. Қазақстанда әлі ұйымдастырылып тұра ма? Жалпы, спорттың бұл түрі елімізде қашан пайда болған?
Арман Қабылханов, Алматы қаласы
Қазақстанда спорттық бағдарлау 1961-62 жылдары Өскемен және Алматы қалаларында пайда болған. 1963 жылы өткен КСРО біріншілігінде Қазақстан атынан екі команда өнер көрсетті. Бірі Өскемен құрамасы болса, екіншісі – ұлттық құрама. Тәуелсіздік алғаннан кейін отандық спорттық бағдарлаудың жаңа кезеңі басталды. Нарықтық кезеңде біраз қиыншылық көрген спорттың бұл түрі бастапқыда қаржыдан қағылып, соңы спорттық мектептердің жабылуына әкеліп соқты. Бұл 1990 жылдардың басы еді. Сол кезде Қазақстан Республикасы спорттық бағдарлау федерациясы құрылып, 1995 жылы Халықаралық спорттық федерацияның толыққанды мүшесі болды. 2006 жылы отандық спорттық федерациясы қайта тіркеуден өтіп, «Спорттық бағдарлау федерациясы» қоғамдық бірлестігі ретінде аталатын болды.
Бүгінде спорттық бағдарлау еліміздің Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Кереку, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында қолға алынған. Алайда әлі де тиісті деңгейде дамымай келеді. Айта кетейік, мамыр айының соңғы аптасында Қарағандының Қарқаралы ауданында спорттық бағдарлаудан Қазақстанның ашық біріншілігі өтті.
Спорттық бағдарлау елімізде қашан пайда болған?
Последние статьи автора