Әссәләмуғаләйкум? Құрамында спирті бар әтір себуге бола ма? намазға кедергісі бар ма?
Уағалейкум ассалам уа рахматуллаһи уа баракатуһу!
Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтің (р.а.) сөзіне қарағанда мас қылатын ішімдіктерді ішуге тыйым салынғанымен, денеге немесе киімге тиіп кетсе, намазға кедергісі жоқ». Ханафи мәзһабының ғұламасы Мухаммад Захид әл-Кәусәри (1879-1951ж) туысына жолдаған хатында Әбу Ханифа мен Әбу Юсуфтің осы қағидаларына сүйене отырып былай дейді: «спирт» Әбу Ханифа (р.а.) бойынша «нәжіс» емес. Имам Ағзамның осы сөзі көп жерде тығырықтан шығарады. Спирттің әтірге қосылып, киімге себілуі намазға кедергі тудырмайды». Бірақ спирті бар әтір сепкеннен соң дереу намаз оқымай оның ұшып кетуін күткен немесе мұстахаб үшін дәретті жаңартып алған абзал болады.
muftyat.kz сайтынан алынған