Сөз бостандығы бойынша әлемдік рейтинг жарияланды
Америкалық дипломаттар Қырғызстандағы баспасөз бостандығы әлемдік өте жоғары деңгейде дегенді жиі айтады. Әлемдік рейтинг бойынша олар қаншасыншы орында?
Алмат, Астана
Жуырда ғана америкалық Freedom House ұйымы әлем елдерінің баспасөздеріндегі сөз бостандығын анықтайтын зерттеуінің қорытындысын жариялаған болатын. Қырғызстан сол зерттеудегі 197 елдің арасында «сөз бостандығы жоқ» елдердің қатарында тұр. Посткеңестік елдерден Латвия, Литва және Эстония елдерінің БАҚ өкілдері «билікке тәуелсіз» категорясына енсе, Грузия, Украина және Молдова «жартылай тәуелсіз» статусына ие болды. Ресей – 172 орында. Ал әлемдік деңгейдегі сөз бостандығы бар елдердің қатарына жылдағыдай Финляндия, Норвегия, Швеция, Бельгия, Дания, Люксембург, Нидерланды, Швейцария, Андорра және Исландия елдері енді. Бұл тізімде Германия 16-ыншы, АҚШ – 22, Ұлыбритания 31-орында тұр. Ал сөз бостандығы мүлде жоқ елдердің қатарына Иран, Белоруссия, Түрікменстан, Солтүстік Корея елдері жатқызылды. «Араб көктемі» төңкерісінен кейін Таяу Шығыс және бірқатар араб елдерінің аталған мәселеге қатысты рейтингі жоғарылаған. Сарапшылар америкалық ұйымның зерттеуінің объективтілігіне күмән келтіреді. Себебі онда батыстық саясатқа бағыт бұрған елдерге жағымды, ал керісінше, саяси көзқарас түйіспейтін елдерге жағымсыз баға беріледі.