Сотталғандарды мекенжайы бойынша ауыстыруға бола ма?

Күйеуім сотталып, Шығыс Қазақстан облысында мерзімін өтеп жүр. Отбасымызбен Алматы облысында тұрамыз. Күйеуімді Алматы маңына ауыстыру үшін қайда өтініш жазуым керек? Қандай құжаттар талап етіледі?
Тоғжан СЕРАЛИНА,
Алматы облысы

Түрмеде отырғандарды тұрақты мекенжайы бойынша ауыстыру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетіне жолдайсыз. Өтініште өзіңіздің сауалдарыңызды жолдай отырып, сотталған азаматтың толық аты-жөні, туған жылы, қай жерде мерзімін өтеп жатқандығы және өзіңіздің тұрақты мекенжайыңызды көрсетесіз.

Оған қоса, сотталған азаматқа туыстығыңызды дәлелдейтін құжаттардың көшірмесін (арыз берушінің аты-жөні, туу туралы куәлігі, неке туралы куәлігі), жақын туыстарының көрсетілген аймақта тұратындығын дәлелдейтін құжаттарды (азаматтарды тіркеу кітапшасының көшірмесі, мекенжай анықтамасының түпнұсқасы) жібересіз.

Арызда туысқандарының кездесуге баруына кедергі болатын жағдайларды көрсетуге болады. Мысалы, 14 жасқа дейінгі екі немесе одан да көп балаларының болуы, жақын туысының денсаулығына байланысты жүріп-тұра алмауы, т.б.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста