Сотқа куәгер болуға бармай қойсам бола ма?
Өткенде жұмыстан қайтып бара жатсам, кафе сыртында екі жігіт төбелесіп қалды. Оларды тәртіп сақшылары ұстап, менің бұл оқиғаға куә болуымды сұрады. Алайда қайта-қайта тергеуге, сотқа баруға менің уақытым жоқ. Куәгерліктен бас тартуыма бола ма?
Медет, Алматы қаласы
Заңгерлердің айтуынша, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 86-бабына сәйкес, куәгерлердің мынадай құқықтары мен міндеттері бар: Куәгердiң: тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге қатысуға; тергеу iс-әрекетi жөнiнде хаттамаға енгiзуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасауға; өзi қатысқан тергеу iс-әрекетiнің хаттамасымен танысуға; қылмыстық ізге түсу органының іс-әрекетіне шағым жасауға; қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде өзiне келтiрiлген шығындарға өтем алуға; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішті мәлімдеуге құқығы бар. Куәгер: қылмыстық iзге түсу органының шақыруы бойынша келуге; тергеу iс-әрекетiн жүргiзуге қатысуға; осы iс-әрекеттiң жүргiзiлу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн тергеу iс-әрекеттерiнiң хаттамасында өзiнiң қолымен куәландыруға; анықтаушының, тергеушiнiң, прокурордың рұқсатынсыз алдын ала тергеу материалдарын жарияламауға; тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу кезiнде тәртiп сақтауға мiндеттi. Сондай-ақ сіздің жауабыңызға тікелей жауап осы баптың 6 тармақшасында орын алған, оған сәйкес куәгер дәлелдi себептерсiз келуден немесе өзiнiң мiндетiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн әкiмшiлiк жауапқа тартылады.