Сот тез бүлінетін айғақ заттарды не істейді?
Сот заттай дәлелдемелерді істің соңғы нүктесіне дейін сақтайтынын білеміз. Ал айғақтар тез бүлінетін зат болса, қандай шара қолданылады?
Омар Төлемісов, Ақтөбе облысы
ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің 88-бабына сәйкес, тез бүлінетін заттай дәлелдемелерді сот дереу қарап шығады және зерттейді, одан кейін оларды қарап шығуға әкелген адамға қайтарады. Іске қатысушы адамдар мұндай заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеу ісіне мүмкіндігіне қарай келе алады. Хабарланған іске қатысушы адамдардың келмеуі заттай дәлелдемелерді қарап, зерттеуге кедергі келтірмейді. Қарап шығу және зерттеу деректері хаттамаға енгізіледі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу