Қапшағайға барып, суға шомылып едік. Су салқын екен. Шомылатын судың температурасы қанша болуы керек?
Жарас Баймұханов, Алматы қаласы
Төтенше жағдайларға жауапты мамандардың айтуынша, шомылатын судың температурасы +18 градустан төмен болмауы, ал ауа температурасы +20 градустан төмен болмауы керек. Шомыларда денені судың температурасына бірте-бірте үйретіп алу қажет. Суға бірден қойып кету көп жағдайда дененің құрысуына әкеліп соғып, жүректің қызметіне кері әсер етеді. Негізі, +18°С градус суда – 6-8 минут, +20°С-та – 10-12 минут, +20°С суда15-20 минут шомылған жөн.
Дене қатты тітіркенгенше, қалтырау басталғанша шомылу дұрыс емес. Қалтыраудың арты адамның есінен тануына ұласуы мүмкін. Бұл жайт қайғылы оқиғаға ұрындырады.
Шомылатын судың температурасы қандай болуы керек?
Последние статьи автора