Соя өсіру неге өзекті?

Соя өсіру неге өзекті?

Қазақстан соя өсіруді бірнеше мәрте қолға алған болатын. Бірақ, өкінішке қарай, біздің жердің жағдайы ол өнімнің өсуіне ыңғайсыз көрінеді. Бірақ соған қарамастан, биыл сол дәнді дақылды егу науқаны тағы қолға алынбақшы екен. Неге?Қазбек ЖЫБЫРАЕВ, Қызылорда облысы

Қазақстанның соясын сатып алуға Қытай және басқа да шет мемлекеттер қызығушылық білдіріп, тапсырыс беріп отырған көрінеді. Сондықтан биыл Арал маңында соя өсірілуі мүмкін. Бұл мәселені бүгіндері салалық министрлік жан-жақты талқылап жатқан көрінеді.

Иә, оқырман атап өткендей, әр жылдары әр аймақта соя өсіру ісі жүзеге асырылған. Бірақ ол керемет өнім де, табыс та әкелмеген. Мамандардың айтуынша, сол кездері әкелінген сорттар біздің тұзды жерімізге жарамапты. Дегенмен соя өндірісінің тиімді жағы өте көп. Мәселен, соя өскен жер азотқа бай болады. Бір гектар жерде 320 килограмға дейін биологиялық азот жинақталады екен. Ол табиғи болғандықтан, түрлі минералды тыңайтқыштарға қарағанда қоршаған ортаны ластамайды да.

«Күріштану ҒЗИ» ЖШС ғалымдарының айтуынша, өсімдік шаруашылығын дамытуда тұзды жерлерге соя мен жоңышқаны өсіруге болады. Кейін ол жерге бидай және басқа да дәнді дақылдарды ексе, ол бұрынғысынан 8-10 пайыз артық өнім беретін көрінеді. Сондай-ақ күрішке қарағанда сояны суғаруға кететін су он есе аз болады екен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста