SMS-банкинг – бұл мобильді телефондағы шағын банк деп жатады. Банктердің осы қызметі туралы білгім келеді.
Ақтоты Сүлейменова, Алматы облысы
Қазіргі кезде еліміздегі банктердің барлығы дерлік SMS-банкинг қызметін пайдалануды ұсынады. Сіз банк бөлімшесіне бармай-ақ, мобильді телефоныңыз арқылы өз шотыңыздағы қаржыны бақылау мүмкіндігіне ие боласыз. Сондай-ақ төлем карточкаңыз бен қосымша карточкаңыз бойынша шығындар мен кірістеріңізді толық бақылай аласыз. Мобильді телефон арқылы тәулік бойы ақпарат алуға болады. SMS-банкингке қосылу кезінде сізге келесідей мүмкіндіктер беріледі: автоматты түрде төлем карточкасымен жасалған операциялар туралы sms-хабарлар алу; банкоматтан қолма-қол ақшаны алу, қызметтерді, сатып алуларды төлеу, банктік аударым, жалақыны есептеу; депозиттегі қалдық; несие бойынша берешек; шоттағы қалдық; валютаның ағымдағы бағамы; қаладағы банкоматтар мен банк бөлімшелерінің мекенжайлары секілді ақпараттарды алуыңызға болады. Тағы бір уақытыңызды үнемдейтін өте ыңғайлы қызметтің бірі – сіз мобильді телефоныңыздан sms-бұйрық жіберу арқылы өз төлем карточкаңыздан өз мобильді нөміріңізге және жақындарыңыздың нөміріне төлем жасай аласыз. SMS-банкинг қызметіне қосылу үшін сізде өзіңізге қызмет көрсететін банктің пластикалық төлем карточкасы және ұялы байланыс операторларына қосылған ұялы телефоныңыз болуы шарт. Сіз банкке ұялы телефоныңыздан электронды өтініш жіберсеңіз немесе банкомат арқылы өтініш жасасаңыз, SMS-банкинг қызметіне автоматты түрде қосыласыз.
SMS-банкинг деген не?
Последние статьи автора