Бұрынғы Югославия мемлекеттерінің тілдері орыс, белорус тілдеріне жақын дейді. Олар да славян тілдері тобына жата ма?
Ақтоты ЕБОСЫНОВА, Ақтау
Орыс, украин, белорус тілдері славян тілдеріне жататыны белгілі. Сонымен қатар славян тілінің өзі батыс славян және оңтүстік славян тілдері болып екіге бөлінеді. Батыс славян тілдеріне поляк, чех, словакиялық, кашуб тілдері жатады. Ал Оңтүстік славян тілдері тобының құрамына болгар, македон, серб, черногор, босниялық, словен, хорват тілдері кіреді. Тілдеріндегі ұқсастықтың бір себебі аталғандардың барлығы да славян тілдер тобына кіргендіктен болса керек.