Кеден одағына енгеннен кейін РФ арқылы сыртқа тасымалдайтын мұнайымыз Ресейдің ішкі тарифі бойынша есептеледі дейді. Бұл бізге қаншалықты тиімді?
Ерзат Құрманғазин, студент
Нақтырақ айтқанда, Ресейдің тариф жөніндегі федералдық қызмет басқармасының шешіміне сәйкес, «Транснефть» АК» ААҚ магистралдық құбыр желісінің жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдау қызметінің құны 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап ресейлік компаниялар үшін белгіленген тарифке сәйкестендіріледі. Демек, біз үшін бұрынғыға қарағанда шикізатты сыртқы нарыққа тасымалдау қызметі әлдеқайда арзанға түседі.
Алдында Бірыңғай экономикалық кеңістік құру бойынша іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2010 жылдың 9 желтоқсанында ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің шешімімен 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап өз күшіне енетін Қазақстан, Ресей және Белоруссияның ортақ мұнай және мұнай өнімдері нарығын ұйымдастыру, басқару және дамыту тәртібі туралы келісімге қол қойылған-тұғын. Бұл келісімге сәйкес, тасымал қызметін көрсететін елдің ішкі компанияларына белгіленетін тариф Кеден одағы мемлекеттері үшін ортақ болып саналады.
Шикізат тасымалы арзандамақ
Последние статьи автора