Шеркесия автономия мәртебесін қайтаруды сұрайды

Қарашай-шеркестер автономия сұрап жатыр дегенді сайттардан оқыдым. Оларда бұрыннан автономия бар емес пе еді?
Мұрат ЖЕКСЕНБЕКҰЛЫ,
Алматы облысы

Әлбетте, Ресей құрамындағы түркі тілдес ел саналатын Қарашай-шеркес автономиялық облысы бары рас. Бірақ бұл арада қарашай-шеркестер емес, олардың құрамындағы шеркестер қауымы Ресей Президенті мен премьер-министрінен, Солтүстік Кавказ федералды округі басшыларынан өз алдына автономиялық облыс мәртебесін қайтаруды сұрап отыр. Осындай талап маусым айының басында шеркестердің төтенше құрылтайында қойылды. «Адыгэ Хасэ» деп аталатын шеркестер қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен өткен құрылтайда автономияны қалпына келтірумен шұғылданатын ұлтаралық комиссия құру туралы шешім қабылданды. Онда «шеркес халқының өзінің жаңғыруы мен дамуының құқықтық негізде келешегі жоқ» деп көрсетілген. Әзірге Ресейдің ресми билігі тарапынан жауап жоқ.

Айта кетейік, Қарашай-шеркес автономиялық республикасы 1922 жылы құрылған. 2002 жылғы санақ бойынша, 430 мыңға жуық халықтың 11,3 пайызы – шеркестер, 38 пайыздан астамы – қарашайлар, ал 33,6 пайызы –  орыстар. Соңғы жылдары бұл елді тек қарашайлар билеп-төстеп келеді. Ал шеркестердің қайта жаңғыртамыз деп отырған автономиялық облысы 1928-1957 жылдар аралығында болған екен. Кейін шеркес облысы Қарашай-шеркес автономиялы облысы құрамына енгізілген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста