Шерхан Мұртазаның қандай драмалық шығармалары бар? Олардың қайсысы сахналанған? Тағы білгім келгені, ол кісі аударма саласында еңбек еткен бе?
Айбар ЖАҚСЫБЕК, студент
Драматургия саласында жазушының «Қызыл жебе» (1987, Қ.Ысқақовпен бірге), «Сталинге хат» (1988), сондай-ақ «Бесеудің хаты» (1989) атты пьесалары еліміздің театрларында сахналанған.
Аударма саласында Шерхан Мұртаза Г.Х.Андерсеннің әңгімелерін, венгр халық ертегілерін, Ш.Айтматовтың «Ботагөз», «Қош бол, Гүлсары», «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» повестерін, «Боранды бекет», «Жан пида» романдарын қазақ тіліне аударды.
Шерхан Мұртаза шығармашылық жұмыстармен қатар, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мен мемлекеттігін нығайту ісіне де белсене араласты. Қазіргі заманның, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін, ел, жер, тіл мәселелерін көтеретін көптеген мақала-эссе жазды. Осындай еңбектерінің барлығы ескеріліп, Шерағаңа 1984 жылы – ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, 1992 жылы – Қазақстанның халық жазушысы, ал 1999 жылы «Құрмет белгісі» берілді.
Бүгінде Шерағаң – өзі туып-өскен Жамбыл облысы Тараз қаласының және елордамыз Астананың құрметті азаматы.
Шерағаңның туындылары сахналанған ба?
Последние статьи автора