Кешелі бері «XVI жазғы Азия ойындары бағдарламасында бізге таңсық спорт түрлері көп» деп жатыр отандық телеарналар. Солардың бірі сепактакроу деген спорт екен. Атауы жаңылтпашқа ұқсаған осы спорт түрі волейболға ұқсас футбол ма?
Орлан ТАЛҒАТҰЛЫ, Астана қаласы
Жалпы, түсінігіңіз бар сияқты. Бірақ оны волейболға ұқсайтын футбол емес, «қолмен ойнамайтын волейбол» дейді. Сепактакроу сөзінің малай тілінен аударғандағы мағынасы – осылай. Себебі мұнда допты қолмен емес, аяқпен және баспен ұрады. Допты жерге түсіруге болмайды. Волейбол ережесі сияқты допты өз алаңында, үш рет жанасып (3 рет пас беру арқылы), тордың екінші бетіне бағыттау (соғу) керек. Бадминтон кортында ойналады. Командалық ойын түрі. Негізінен, Азия елдері жастары арасында кең тараған ойын. Шапшаңдыққа, дәлдікке, салмақты тепе-тең ұстай білуге баулиды.
Сепактакроу волейболға ұқсас футбол ма?
Последние статьи автора