Шенген келісіміне неше мемлекет мүше?
Шенген келісіміне қанша мемлекет мүше екенін білгім келеді.
Нұрділдә, Көкшетау қаласы
«Еуропа Одағына мүше кейбір елдердің арасында кедендік паспорттық тексеруді алып тастау» туралы Шенген келісімі 26 мемлекетті қамтиды. Олар: Австрия, Бельгия, Венгрия, Греция, Дания, Германия, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Мальта, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария және Эстония. Қысқа мерзімді шенген визаларының қолданылу тәртібі Шенген аймағына кіретін барлық елдерде бірдей. Бір мәртелік визамен Шенген аймағына визаны берген консулдық мекеменің елі арқылы ғана кіруге рұқсат етіледі. Мысалы, сіз визаны Францияның консулдығынан алсаңыз, онда кез келген Шенген еліне тек Франция арқылы бара аласыз.