Семіздік дерті көптеген елде үлкен мәселе болып отыр. Менің білгім келетіні – қай халықтар семіздік бойынша алғашқы орында тұр?
Нұржан, Қызылорда
Соңғы ғасырда кедейлікпен қоса, семіздік дерті де әлемнің басты проблемаларының біріне айналды. Жуырда БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы мекемесі әлем елдерінің семіздік бойынша рейтингін құрастырып шыққан болатын. Осы уақытқа дейін семіздік бойынша АҚШ елі әлемде көш бастап тұрған болса, енді оны Мексика басып озды. Бұл қос мемлекет тұрғындарының 70 пайызының салмағы – адамның табиғи межесінен артық көрсеткіште. Мексика тұрғындарының 32 пайызы семіздіктің ерекше зардабын шегіп отыр. АҚШ-та бұл көрсеткіш 31 пайызды құрайды. Сонымен қатар аса «семіз» елдердің үштігіне Сирия да енді. Мұндағы тұрғындардың да 31 пайызы семіздіктің асқынған шегіне жеткен. Мексика мен Сирияда семіздікпен қоса, азық жетіспей ашығып отырғандар да аз емес. «Семіз» елдер тізімінің алғашқы ондығына Испания, Люксембург, Ирландия, Чили, Ұлыбритания, Канада, Австралия және Жаңа Зеландия елдері кіреді. Тамаққа талғаммен келеді деп саналатын Израиль тұрғындары семіздік кеселі бойынша 16-орында тұр екен. 19-20-орындарда – Ресей мен Ұлыбритания (тұрғындарының 24 пайызы). Сонымен қатар Белоруссия мен Украинада да семіздік мәселесі ушыққан.
Семіздік кеселі шегінен шыққан елдер
Последние статьи автора