Ақшадан тарығып жүр едім, бар байлығым – шашым. Оны сатсам, қанша болар екен? Боялған шашты қабылдай ма?
Әсем, Тараз қаласы
Бүгінде шашыңыз болса, оны сату түк те қиын емес. Өсірудің қиындығын өзіңіз білерсіз. Боялған түгіл, ағарған шаштың өзін қабылдайды. Бастысы оның ұзындығы 30 см болуы керек. Ал бағасы дегенге келсек, ол сатып алушы орынға және де шаштың сапасына байланысты. Ал жалпы есеппен алғанда бүгінде шаштың 100 грамы 2500-3000 теңгеден бастап 20-30 мыңға дейін барады. Интернетте тіпті осы ретте https://www.blog.hairworld.ru/hairmarket/ деген де мекенжайлар бар. Сол жерге жарнама беруіңізге болады. Алайда бұл біздің сізге «шашыңызды сатыңыз» дегеніміз емес, керісінше, ондай қадамға бармас бұрын шашыңызды қандай қиындықпен өсіргеніңізді жадыңызда ұстағаныңызды қалар едік.
Шашымды қаншаға сатсам болады?
Последние статьи автора