«Астанада 1 тамыздан бастап электр энергиясына қатысты сараланған тариф енгізілді» деген ақпарат естідім. Мұны қалай түсінуге болады? Сараланған тариф дегеніміз не?
Мейрамгүл МҮСЛИМАНОВА, Астана
Расымен де, 1 тамыздан бастап электр энергиясын тұтыну көлеміне байланысты тариф түрлері мынадай өзгерістерге түсті. Электр пештерін қолданатын тұлғалар үшін тұтыну тарифі: min – кВт сағаты 6,11 тг; max – кВт сағаты 8,89 тг. Ал электр пештерін қолданбайтын жеке тұлғалар үшін тұтыну тарифінің бағасы min – кВт сағаты 6,21 тг; max – 8,89 тг. Ал электр энергиясының тәулік мезгілдері бойынша есептеу тарифі екі мезгілдік жүйеге енеді. Оның ішінде түнгі мезгіл – кВт сағатына 2,01 тг; күндізгі мезгіл – кВт сағатына 9,43 тг; кешкі мезгіл – кВт сағатына 15,32 тг. Есте сақтайтын жайт – тәулік мезгілі бойынша тарифтік төлеу жүйесіне жеке кәсіпкерлер мен жекелеген кәсіпорындардан басқа барлық жеке тұлғалар көшуі тиіс. Ол үшін «Қалалық электр желісіне» пломбаны шешу туралы өтініш беру қажет. Осыдан соң азаматтың қолына акт және техникалық қорытынды беріледі. Бұдан соң «Астанаэнергосбыт» мекемесімен келісімшартқа отырасыз. Міне, сараланған тарифке көшудің осындай жөн-жосықтары бар. Электр энергиясының тарифі ендігі кезекте тәуліктік мезгілдер бойынша төленетін болғандықтан, мамандар «сараланған тариф» деп осыны айтып отыр.
Сараланған тариф деген не?
Последние статьи автора