Өзім жол-көлік апатына түскен жоқпын. Бірақ алда-жалда сондай жағдайға тап болсам, сақтандыру төлемі қанша күнде төленеді?
Айдын БИКЕБАЕВ, Шымкент қаласы
Сақтандыру төлемдерінің жалпы шарттары «Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру» Заңы бойынша реттеледі. Полис бойынша пайда көруші сақтандыру төлемі туралы талабын сақтандыру компаниясына жазбаша түрде тапсыруы керек. Компания клиентке қабылдап алған құжаттарының тізімі мен мерзімі көрсетілген анықтама береді. «Көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті түрде сақтандыру» Заңының 26-бабы 1-тармағы бойынша сақтандыру төлемі құжаттар қабылданғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде төленуі тиіс.
Сақтандыру төлемі қанша күнде төленуі тиіс?
Последние статьи автора