Қазақстандық қолөнер шеберлері халықаралық «Сапа белгісі» сертификатын иеленіпті деп естідік. Оның қандай артықшылықтары бар? Осы жөнінде нақты білсек деп едім?
Айбек Тұрсынұлы, Алматы облысы
Жуырда БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы «Сапа белгісі» бағдарламасы бойынша Орталық Азияның ең үздік қолөнершілерін анықтаған болатын.
Марапаттау рәсімі Алматыда ашылған «Бәйшешектер гүлдегенде» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесінде салтанатпен өтті. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Сапа белгісі» бағдарламасы аясында екі жылда бір рет халықаралық деңгейдегі қазылар алқасы бас қосып, үздіктерді анықтайды. Бүкіләлемдік қолөнер кеңесінің Орталық Азия бойынша вице-президенті Динара Чочунбаның айтуынша, биыл Иранның Тегеран қаласында өткен сарапшылар кеңесінің шешімімен БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымының «Қолөнер бұйымдарының сапа белгісі» сертификатына Қырғыз елінен – 22, Қазақстаннан – 12, Өзбекстаннан–5, Тәжікстаннан – 2, Түрікменстаннан 1 қолөнер бұйымын жасаушы ие болды. Қазақстандықтар арасында Айгүл Жансерікованың, Гүлзира Дайырова мен Зұлқар Молдабайдың бұйымдары бар. Әрбір өнімге баға берілетін бұл сайыста А. Жансерікова сияқты кейбір өнер майталмандары екі бірдей «Сапа» сертификатын иемденген. Аталған сертификатты иеленушілер өз кәсіптерін бұдан әрі жалғастырып, жетілдіруге жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Қазақ шеберлерінің күмістен, киізден, ағаштан, темірден жасаған бұйымдары әлемдік деңгейде жоғары бағаланып отыр. Енді аталған сертификат көмегімен шеберлеріміз дүниежүзінде өтетін беделді жәрмеңкелер мен байқауларға кедергісіз қатыса алады.
«Сапа белгісі» қай шеберге бұйырды?
Последние статьи автора