Шәкәрім неге «Мұтылған»?

Шәкәрім Құдайбердіұлы неліктен өзін «Мұтылған» деп атаған? Бұл ұмытылған дегенді білдіре ме?
Дамира Сәрсенқызы,
Ақтөбе қаласы
Алаш арыстары өз шығармаларын көбіне жасырын, бүркеншік атпен жариялап тұрған. Әдебиетші, сыншы ғалымдардың зерттеуінше, Шәкәрім де осы әдісті көп қолданған. Ол өзі­не-өзі «Мұтылған» деп ат қойған. Әде­би тілмен айтқанда, бұл – псев­доним, яғни лақап ат. Ойшыл ақын­ның өзіне осылайша ат қоюында те­рең мән жатыр. Бұл жөнінде Шәкәрім өзі­нің «Мұтылғанның өмірі» деп ата­ла­тын толғауында:
Жаралы жаным шықсын деп,
Қара жер мені жұтсын деп,
Өлген соң елім ұмытсын деп,
Атымды қойдым «Мұтылған»,
– деп жазған.
Шәкәрім өзінің белгілі бір ке­зең­дер­де ұмытылатынын көре білген. Өзі­нің бұл қоғамға қажетті жағын, дұ­рысын айтқанда, бұл заман оны ке­рек етпейтіндіктен ұмыт болатынын дөп басып айтқан. Жағдай, шынында, Шә­­кәрімнің айтқанындай болды. Ақын­­­­ды ұмыттыру үшін кеңес өкі­ме­ті­­нің жандайшаптары оны алдымен атып өлтірді. Тіптен зираты ұмыт бол­­­ды. Шәкәрімнің атын атауға рес­­ми тұрғыда тыйым салынды. Ақын­­ның еңбектері мұрағаттарда, же­ке адам­­­дар қорында тығулы жат­ты, ұр­­пақтар әдебиет сабағында Шә­кә­­рім­ді ауыздарына алып көрген жоқ. Өйткені оқулықта тым құрыса бір жол Шәкәрім туралы хабар бол­ма­ды. Әри­не, осындай жағдайда оның «ұмы­тыл­ған» екені шындыққа айналды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста