Саяси партияны құру тәртібі қалай жүзеге асырылады? Оны мемлекеттік тіркеуді қай орган атқарады?
Айжан, Алматы облысы
Бұл мәселе «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы Заңында қарастырылған. 1. Саяси партия саны бiр мың адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын және облыстардың, pecпубликалық маңызы бар қаланың және астананың үштен екiсінің атынан өкілдiк ететiн Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады. Азаматтар саяси партияның құрылтай съезiне (конференциясына) жеке өзi қатысады. Азаматтардың сенiмхат бойынша саяси партияның құрылтай съезiнде (конференциясында) өкiлдiк етуiне жол берiлмейдi. Саяси партияның құрылуын, соның iшiнде құрылтай съезiнiң (конференциясының) өткiзiлуiн ұйымдастыруды қаржыландыру осы заңның 18-бабының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Азаматтардың саяси партия құру жөнiндегi бастамашы тобының электрондық және қағаз жеткiзгiштегi тiзiмдерi тiркеушi органға ол белгiлеген нысан бойынша табыс етiледi. 3. Құрылтай съезiн (конференциясын) әзiрлеу және өткiзу үшiн құрамында кемiнде 10 адам бар ұйымдастыру комитетi құрылуы мүмкін.
4. Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданады және оның басшы органдары құрылады. 5. Саяси партия жарғылық қызметiн мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн жүзеге асырады. Саяси партияны мемлекеттiк тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүзеге асырады.
Саяси партияны құру қалай жүзеге асады?
Последние статьи автора