Саяси дағдарыстың сан түрі бар
Парламенттік дағдарыс дегеніміз не және мұндай жағдай Қазақстан тарихында болды ма?
Салтанат ЗЕЙНОЛДАҚЫЗЫ, Семей
Парламенттік дағдарыс деп қарсы тұрушы негізгі фракциялардың күші теңесіп, шешім қабылдау процесі тоқтап қалған жағдайды айтамыз. Мұндай жағдай заң шығарушы органның толықтай қолын байлайды. Және одан шығудың жолы – Парламентті тарату. Қазақстанның заң шығарушы құрылымында фракциялық тепе-теңдік орнаған емес. Әлемдік саясатта бұдан бөлек партиялық, үкіметтік, конституциялық, билік дағдарысы деген терминдер жиі қолданылады. Партияның дағдарысы олардың әлеуметтік-саяси идеалдарын, бағыт-бағдарын, бағдарламасын немесе тұрғындар арасындағы беделін жоғалтып алған жағдайда пайда болады. Конституциялық дағдарыс – заңнаманың іс жүзінде іске аспай қалуы. Ал билік дағдарысы халықтың билікке деген сенімі кеткен жағдайда пайда болады.