Саясаткер мен саясаттанушының айырмашылығы неде?
Жалпы, саяси ғылымның атауы қай кезден бастау алады және саясаттанушы мен саясаткердің айырмашылығы қандай?
Бекжан Есімов, Шымкент
Саяси ғылымның негізін салушы Аристотель екенін ескерсек, аталған ғылым ежелгі Грекиядан бастау алатынына күмән жоқ. Ал XVI ғасырда қазіргі Италия жерінде кеңінен дамыды. КСРО кезінде «буржуазиялық ілім» атанып, кеңінен таралуына шектеу қойылған саясаттану ең алғаш рет 1857 жылы АҚШ-тың Колумбия университетінде пән ретінде қалыптасты. 1948 жылы ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен саяси ғылымдар симпозиумы өткізілді. Дәл осы жиыннан бастап ресми түрде саясаттану деп аталып, жоғары оқу орындарының оқу жүйесіне енгізу туралы ұсыныстар берілді. Қазір біздің елімізде де университеттердің жалпы білім беру жүйесіне осы пән енгізілген. Дәл осы ғылыммен айналысатын ғалым – саясаттанушы. Ал саясаткер – саясатпен кәсіби түрде айналысатын адам.