Шай ішу жөнінен әлемде нешінші орындамыз?
Еліміздегі шай өнімдерін тұтыну деңгейі туралы білгім келеді. Шайдың әлемдік өндірісі бойынша қандай елдер алда?
Жадыра, Алматы қаласы
Шай – Қазақстан халқының күнделікті тұтынатын өнімі. ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, елімізде жылына 22 мың тонна шай ішіледі. Бұл – Қазақстанда әр адам жылына 1,34 келі шай ішеді деген сөз. Қазақстандықтардың шайды тұтыну көрсеткіші Ресей халқына қарағанда, екі есе көп. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметі бойынша, Қазақстан бұл жағынан әлемде 16-орында. Ал дүниежүзі бойынша шай өндіру жөнінен көш бастайтын елдер: Қытай, Үндістан, Шри-Ланка, Кения, Индонезия, Түркия, Вьетнам және Жапония. Қытай орташа есеппен жылына шайдың 885 мың тоннасын өндіреді.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу