Сағызды бүгінде дәрігерлердің өзі шайнауға кеңес беріп жүр. Алайда ғылыми тұрғыда олардың құрамына талдау жасалған ба? Зиянды қоспалар кездесуі мүмкін бе?
Айдар, Астана
Мысалы, көпшілік қолданатын сағыздың бірі «Орбит» болса, екіншісі – «Дирол», осы екеуінің құрамына үңілсек, Орбит: сорбит E420, мальтит E965, резеңке негіз, қоюландырғыш, E414, стабилизатор E422, жасанды ароматизаторлар, маннит E421, соя лецитинінің эмульгаторы, E171 бояғышы, дәмдендіргіш E951, ацесульфам К E950, натрий гидрокарбонаты E500ii т.б.
Енді осылардың Е деген әріппен және санмен көрсетілген қоспаларының әрқайсысына тоқталсақ:
E420 – сорбит қант орнына қолданылады, ағзадағы өттің жақсы қызмет етуіне әсер етеді, зиянды әсері жоқ деуге болады;
E965 – мальтит те ағзаға зарарсыз деп табылып, тағам өндірісінде қолдануға рұқсат етілген.
Ал енді сағыз қорабынан Е171 деген жазуды оқысаңыз, ол –Ресей тағам өндірісінде тыйым салынған титанмен тісті ағартушы қоспа. Аталған қоспа бауыр мен бүйрек ауруынтуғызып, ағзаға кері әсер етеді. Ал ең қорқынышты қоспа – E-131 бояуы – қатерлі рак тудыратын бірден-бір зат. Ал ол Стиморол сағызы құрамынан табылған.
Сағыздан қауіп бар ма?
Последние статьи автора