Осы «резидент», «нерезидент» деп жазады. Соның мәнi неде?
Арайлым МАМЫРБЕКОВА, Астана
Латын тiлiнен аударғанда «residens» – «отырушы, бiр орында қалушы» деген мағына бiлдiредi. Экономикалық терминологияда резидент түсiнiгi белгiлi бiр елде тiркелген немесе сол елде 183 күннен көп уақыт өмiр сүретiн жеке немесе заңды тұлға. Яғни сiз Қазақстан резидентi болып табыласыз. Нерезидент – осы елдiң азаматы емес тұрғындар. Ал компанияларға қатысты айтар болсақ, өзге мемлекет заңдарына сәйкес құрылған және Қазақстан аумағынан тыс жерде орналасқан кәсiпорындар. Мысалы, «БТА банк», «Альянс банк», «Халық банкi» Қазақстан резидентi болса, Алматыда өкiлдiктерi бар «Араб Банк пи эл си», «Америка экспресс Лтд, Банкгезельшафт Берлин АГ» резидент емес банктер.
Резидент деген кiм?
Последние статьи автора