Тарихта патшайымдар жайлы қызықты деректер көп. Мысалы, орыс ханшайымы Елизавета бір көйлекті екі мәрте кимейтін болыпты. Осындай аңыздар ақиқатқа қаншалықты жанасады?
Нұрәлім, Алматы облысы
Жалпы, тарихи аңыздардың қайсысы шындық, қайсысы жалған екенін екшеу мүмкін емес. Десе де Ресейдің императоры Елизавета Петрқызының 15 мың көйлегі болыпты. Әдемілікке жаны құштар патшайым той-томалақ пен көңіл көтерер думандарды жақсы көреді екен. Ол түрлі сауық кештерін ұйымдастырып, әртүрлі елдерден өнерпаз шақыруды әдетке айналдырған. Сонымен қатар шетелден келген көпестер өз тауарларын алдымен патшайымның алдынан өткізіп, оған ұнаған жібек маталар мен әшекейлерді тарту етіп, ризашылығын алатын болған. Ал Англияның ханшасы (1837-1901жылдар) Виктория болса, орыс патшайымы секілді емес. Оның аты күйеуі Альбертті аза тұтуымен тарихта қалған. 1861 жылы күйеуі қайтыс болысымен, қара жамылып, қара көйлек киген. Виктория содан кейін тек қара көйлек киюді әдетке айналдырыпты. Өмірінің соңына дейін, яғни 40 жыл бойы қара көйлек киіп өтіпті.
Ресей патшайымының 15 мың көйлегі болған
Последние статьи автора